Қазақстанда орташа зейнетақы 117 469 теңгені құрады.

Қазір республикада 2 млн 247 мың зейнеткер бар.»2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 117 469 теңге болды», – деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Маусым айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 182,6 млрд теңге бөлінді.Айта кетері, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ке артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74 %-ін, ал 30 жыл болса, онда 94 %-ті құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!