Фото: depositphotos.com
Жыл сайын жазғы уақытта Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. «ҚазАвтоЖолда» бұл шаралар жол жабынын сақтауға және жоғары температура жағдайында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!