Шымкентте жалғызбасты ана Назира Дүйсебаеваға ақша жиналып, екі қабатты үй сыйға тартылды. Әйел өткен аптада жалдамалы пәтері өртеніп кеткеннен кейін қақаған аязда алты баласымен көшеде қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRARпорталына сілтеме жасап. 

Көпбалалы анаға журналистер, қоғам қайраткерлері мен еріктілер бірігіп, қаржы жинауға көмектесті. Сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.

«Мен өте қуаныштымын. Бұл – менің балаларымның бақыты. Өз баспанамызға қол жеткіздік. Маған көмектескен қарапайым халыққа, барша жанға алғыс айтамын. Осы үйдің қасынан өтіп бара жатып, менікі болса ғой деп армандағанмын. Енді менің арманым орындалды. Балалар үйге қоныстанып, бөлмелерді бөліп алды. Өртеніп кеткен жалдамалы үйді «Елге кызмет» қоры толық қалпына келтірді. Оларға үлкен рахмет», – дейді көпбалалы ана Назира Дүйсебаева.

Тұрғын үй алабындағы жаңа үйді отбасы 19,5 миллион теңгеге сатып алды.

Кәсіпкер Нұргүл Қобыланованың айтуынша, «барлық ақшаны қарапайым халық жинаған». 

«Жиналған ақшаға тұрмыстық техника, кілемдер, киім-кешек сатып алынды. Жиналған қаражат қарапайым халықтың ақшасы, көмегі», – дейді кәсіпкер.

Mediker компаниясының бас директоры Бақытжан Позилов көп балалы анаға көмек қолын созды. Ол отбасы медициналық көмекті тегін ала алады деп сендірді.

«Біздің компания шетте қалмады және отбасына көмек көрсеткісі келді. Назира мен оның балаларының денсаулығын біз толығымен өзімізге аламыз. Бүгін мен өзім келіп, балаларды тексердім. Жақында біз балаларды да, ананы да толығымен тексереміз. Егер ауруханаға жатқызу қажет болса, біз мұны істейміз. Мұның бәрі тегін», – деді Позилов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!