Фото: Элеонора Якия

Өзіңіздің және басқалардың да қауіпсіздігі сақтық шараны сақтап, мұқият болуыңызға байланысты.

QazAvtoJol ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау туралы еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1. Жылдамдықты азайтыңыз: Жазғы дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, қозғалыс нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.

2. Кенеттен маневр жасамаңыз: Дымқыл жолда көлікті кенет бұру және тежегішті басу оның сырғанауына әкелуі мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз.

3. Жарықты жағып жүріңіз: Жол нашар көрінетін кезде жақын жарық пен тұманға қарсы жарықты қосып айдаңыз. Себебі басқа жүргізушілерге сіздің көлігіңіз көрінуі тиіс.

4. Терезе тазалағыштың жарамдылығын тексеріп, жуғыш сұйықтықты толтырып алыңыз. Жауын кезінде сізге жол жақсы көрінетін болады.

5. Жолдағы сынықтарға дайын болыңыз: Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият қарап, кедергілерден аулақ болыңыз.

6. Су басқан учаскелерді байқаңыз: Ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, көлігіңізге зақым келуі мүмкін.

7. Ауа райын бақылап, жолдың жағдайы туралы хабарламаларды қарап отырыңыз. Өзекті ескертулер мен ұсыныстар бойынша хабардар болыңыз.

8. Қауіпсіз жерге тоқтаңыз: Дауыл күшейетін болса, онда ағаштар мен электр желісінен қауіпсіз жерге тоқтап, ауа райының жақсарғанын күтіңіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!