Фото: open.kaznu.kz

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» деп көрсетілген.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқандай, қоғамда адалдық үстемдік құратын болса, жетер жетістіктердің көп болатыны, әрбір адам адалдық пен әділдікті жоғары қойғанда әркім адал азамат деген атқа лайық болғанда, елімізде әділ қоғам орнап, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үш таған – еліміздің озық және табысты елге айналуының басты кілті болары анық.

Еліміз тәуелсіздік алғалы қоғам алдындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес өзектілігін жойған емес. Жемқорлықты тоқтату мүмкін болмай отыр. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық фактілері орын алып отырғанынан хабардармыз.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар тұрмыстық қатардағы азаматтар мен лауазымды тұлғалардың өзара әрекеті барысында, іскерлік – билікпен кәсіпкерлердің өзара әрекет барысында жиі орын алып келеді.

Жарқын болашаққа жету, жаңа Қазақстанды құру үшін – сыбайлас жемқорлықпен күрес әрі қарсы іс-қимыл әрекеттерін тиісінше жүргізу – барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамдағы жемқорлықты жою. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

Ал қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Мұндай сипаттағы құқық бұзушылықтың отбасына, ұжымға, жалпы қоғамға тигізер зардабы жөнінде ұжымда, отбасында ой қозғау, тәрбиелік жұмыстарын жүргізу – өскелең ұрпақ бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда нәтижелі іс болары анық. Себебі, тәрбие отбасынан басталады.

Индира СӘРСЕН,
Сырдария аудандық
қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!