Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төртінші тоқсандағы отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлының «Аймақтағы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының жағдайы» тақырыбындағы ақпараты тыңдалды. Кеңес отырысы барысында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Талғат Телеубаев «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолдарын жүргізу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? деген сауалын қойды.Басқарма басшысының орынбасары Ерқыран Жалғасбаев «Қызылорда-Жезқазған» жолына 106 млрд. теңге қаржы қаралған. Бастапқы құрылыстар басталды. Мемлекеттік сатып алу «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүруде. 2024 жылға дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде,- деді. Ал Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Ғани Байұлы «Батыс Европа – Батыс Қытай» автожолы қай кезде кеңейтіледі? Жаңақорған мен Арал, Сексеуілге дейінгі аралықта трассаның үстімен өтетін мал жүретін өткелдерінің болмауы сәтсіздіктерге әкеліп жатыр. Бұл мәселелердің шешімі қалай болады деген сауалдарды ортаға салды. Өкінішке орай жол көлік оқиғаларының 75 пайызы Арал бағытында орын алған. Оның себептері де әртүрлі. Бұл мәселе бойынша біз облыс әкімдігіне ұсыныс бердік. Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі, – деді Ерқыран Жалғасбаев.Кеңес отырысында қалаішілік қоғамдық көлік мәселелерін ретке келтіру, олардың бағыттарын реттеу және өзге де ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!