Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария және Жалағаш ауданында «Қоғамдық кеңес –өзекті мәселелерді талқылау алаңы»тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары, ҮЕҰ-дар өкілдері мен  белсенді жастар қатысты. Дөңгелек үстел барысында аудан тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелері талқыланды. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жастар мәселесі, отбасы тағылымы тақырыбында ой қозғалды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Нұрхожаев дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер бойынша облыстық қоғамдық кеңес отырысында көтеруге келісті. Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдар туралы, қоғамдық кеңестердің сандық құрамы, оның ішінде жергілікті деңгейі, қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы туралы айтта кетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!