Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық буклеттер мен парақшаларда орналастырылған QR-кодтар мен штрих-кодтар арқылы есірткінің таралу фактілерін анықтау туралы мәліметтер жариялануына байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіні өткізу, оларды тарату үшін персоналды тарту нұсқаларын анықтау бойынша жедел-профилактикалық пысықтаулар ұйымдастырды.


Полиграфиялық қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерліктің барлық объектілерін ақпараттандыруды және QR-кодтары мен штрих-кодтары бар жарнамалық өнімдерді таратуға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін осы бағыттағы бизнес өкілдерімен кездесулер өткізілді. Оларға есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы хабарланды.


Қоғамдық орындарда, үйлердің лифттерінде, жарнамалық құрылымдарда және т.б. орналастырылған жарнамалық парақшаларды, плакаттарды, баннерлерді, QR-кодтары бар есірткі заттарын ұсынатын хабарландыруларды анықтау бойынша рейдтер ұйымдастырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!