Өзбекстанда қызды аяусыз соққының астына алып, шашын кесіп тастаған азаматтар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. 

Podrobno.uz порталының таратқан ақпаратында оқиғаның Бұхара облысындағы Қаған өңірінде болғаны баяндалған. Видеодан бір ер адам мен үш әйел адамның қыздың шашын кесіп жатқанын байқауға болады.

Қаскүнемдер бейнебақылау камерасын бұзып, алаяқтық жолмен ұзақ уақыт араз болған қыздың үйіне кірген. Содан соң қызды жатын бөлмесіне сүйреп апарып, оған физикалық күш қолданып, шашын қайшымен кесіп тастаған.

Болған жайтты ұялы телефон камерасына түсіріп алған қаскүнемдер «видеоны таратамыз» деп қорқытып, оқиға орнынан бойтасалаған.

Тәртіп сақшылары 4 адамды қолға түсірді. Аталған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!