Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұсындағы Сырдария өзен мұзының қалыңдығы 5-15 см аралығына дейін жұқарды.

Ал солтүстік аудандарда 20-55 см шамасында. Қазір өзендегі мұз Ақарық каналы тұсында. Яғни, Қызылорда су торабынан жоғары қарай 97 шақырымында тұр. Мамандар дария бойын жіті бақылауда ұстап отыр. Арнайы кезекшілік ұйымдастырылған.

«Облыстың барлық аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеті мен 4 су торабындағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізудеміз. Жалпы қазір өзенде су аз. Дегенмен әзір арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларын жасап, барлық жайтқа дайын отыруымыз қажет», – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!