Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қазиев Мақсат Бейсенбекұлы Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

М.Б.Қазиев 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін құқық қорғау органдарында 2003 жылы Алматы облысы, Жамбыл аудандық сотының маманы қызметінен бастаған.

Прокуратура органдарына 2006 жылы қабылданып, Алматы облысы, Жамбыл аудандық прокурорының көмекшісі, одан әрі Астана қаласы «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі, ҚР Бас Прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, Бас көлік прокуратурасының Ақмола көлік прокурорының орынбасары, Қостанай қаласының прокуроры қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымын атқарып келген.

Құқық қорғау органдарында 15 жылдан жоғары қызмет өтілі бар, әділет кеңесшісі сыныптық шенінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!