Қызылорда облысында көлік жүргізушісі түйемен соқтығысып, көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді,   деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz порталының мәліметінше,  оқиға Қызылорда-Жалағаш тас жолында Сырдария ауданы аумағында болған.

«Мазда-626» автокөлігінің түйе малын қағып кету дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда”, – деді полицияда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!