Жалпы, жыл көлемінде өңірде 300-ге жуық әр түрлі форматтағы шара ұйымдастырылса, 165 шара 1-5 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісі Шахмардан Байманов мәлімдеді.

«Байқоңыр қаласында да жалпыхалықтық, патриоттық шаралар өткізу жоспарлануда. 3 маусым күні «Менің Туым – Менің Отаным» атты патриоттық шеру өтеді. Жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылады. «Халықтар достығы» ашық V фестивалі» аясында ұлттық нақыштағы этноауыл қойылады. Бұл шараның біз үшін маңыздылығы өте жоғары. Себебі, этноуылда қараша үй, алтыбақан орналастырылып, ұлттық киімдердегі батырлар арқылы салт-дәстүрлеріміз насихатталмақ. Облыс бойынша жалпыхалықтық акциялармен қатар, аймақта «Туымыз төрімізде» республикалық акциясы өткізіліп, бүкілхалықтық сипатта Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалады», – деді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!