Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 желтоқсанда елорда уақытымен сағат 20.45 шамасында «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1345 шақырымында, Арал ауданы Шижага ауылының тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Mercedes-Benz» автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы бойынша толық деректер анықталуда. Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам көз жұмды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!