Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірді.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жәбірленуші бір таныс әйел оған «ракушка» құрылыс кірпішін сатып алуға көмектесуге уәде берген. Жәбірленуші сеніп, бірден оған 1 млн теңге сомасын төледі. Көп ұзамай жәбірленуші ешқандай нәтиже болмағандықтан, ақшасын қайтаруды талап етеді. Алайда алаяқ ақшаны қайтармаған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру  шараларының нәтижесінде 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзінің жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігі (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.