Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автокөлік өртеніп, бір адамды күйік шалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқыс оқиға 28 сәуірде сағат 13.35-те қаладағы Әбуов көшесінде орын алған. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

«Шақырту кеш келіп түсуі салдарынан өртке қарсы қызмет мамандары келгенше автокөліктегі газ құрылғысы жарылған. Ол автокөліктің толығымен жанып кетуіне алып келді. Өрттен 1996 жылы дүниеге келген жолаушы 42% термиялық күйік алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі 1987 жылғы азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп үйіне қайтарылды. Өртті толықтай сөндіру мақсатында өрт сөндіру қызметінен 6 қызметкер 1 бірлік техника күші пайдаланылды. Жалын 13.50-те толық сөндірілді», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!