Қызылорда облысының жеті аймағында ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Яғни, бүгін 40 ауылдық округтің әкімі сайланады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

«Облыс бойынша 54 сайлау учаскескесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы азаңғы сағат 06.00 де ашылып тиісті хаттамаларын жасады.Жергілікті уақыт сағат 07.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетеньдерін береді. Ал сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады»,-деді Ғалым Қонақбайұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!