Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі еккен қала тұрғынын қолға түсірді.            

Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 21 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!