Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.

Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бүгін, 19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды. 

«Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!