Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағының барлық бөлігіне әсерін тигізеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа райы сақталады. Жауын-шашын қар, жаңбыр, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғады.

Түрістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда қатты жел соғып, кей жерлерде 23-30 м/с жетеді.

Ақмола, Алматы, Қостанай, облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-23 м/с жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, облыстардың солтүстік-батысы, батысында қатты жел соғады.