Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында 19 мен 25 сәуір аралығында «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 3-күнінде полиция органдарына барлығы 217 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 195 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары анықталды. Ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, 22-і қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандары үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Жүргізілген рейдттік шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы(Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 3 дерек,200 бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 6 дерек анықталды.
Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар(ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы) 6 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) барлығы 184 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында онлайн форматта «Заң-Бала-Қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция департаментінің басшылығының тапсырмасына сәйкес, ата-аналармен онлайн түрде кездесулер өткізіліп, оларға құқықтары мен міндеттерін, қылмыс пен құқық бұзушылықтың зардаптарын, олардың алдын алу шараларын кеңінен түсіндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!