Бүгінде облыста жер учаскесін алу үшін 99678 азамат өтініш берді. Басым бөлігі шаһар тұрғындарынан түскен. Яғни 60661 өтінім келген. Ал өткен жылы 1469 адамға жер учаскесі табысталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов мәлімдеді.
Өңірде инвестициялық жоба аясында 36 жер учаскесі берілді. Бұған қоса, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жерді сауда-саттық жолмен айналымға алуға өткен жылы 30 аукцион өткізілді. Нәтижесінде 220 аумақ жер сатылды. 159,2 млн.теңге бюджетке түсірілді. Ал ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымына 60 мың гектар жер алу жоспарланып, 66,3 мың аумақ берілді, – деді Сұлтан Ысқакұлы.
Ал биыл қаланың шекараларын анықтау және бекіту, аймақтарға бөлу және түзету коэффициенттерін бекіту жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!