Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтің төрағалығымен бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында облыс аумағында жоспарланған құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөнінде кеңес өткізілді.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес Қазалы ауданын кешенді игеру және одан әрі дамытудың негізгі бағыттары, әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеріле отырып, ауданмен ұсынылған құрылыс жобаларының тиімділігі мен өзектілігі қаралып, қаржыландырудың орындылығы мен кезектілігі жөнінде шешім қабылданды. Кеңес қарауына барлығы 40 жоба ұсынылып, оларды қаржыландыру көздері және жүзеге асыру мерзімдері айқындалды.
Алдағы уақытта да облыс бойынша жүзеге асыру жоспарланған барлық жобаларды игеру бойынша мәселелер кезекті кеңес отырысында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!