Kyzylorda-news.kz. Аймақта 784 көпқабатты тұрғын үйге және 1185 әлеуметтік нысанға жылу кестеге сай берілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.

«Облыста 10 күндік авариялық қор жасақталды. Онда 4,6 мың тонна мазут бар. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ келісім шарт негізінде газ отыны үздіксіз берілуде. Әр түрлі диаметрдегі 2922 шақырым газ құбыры мен 56 дана ГРП, 242 дана ШРП арқылы көгілдір отынмен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік сала нысандарына қажетті 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отыны толығымен жасақталған. Жалпы жылу маусымының тұрақты өтуі облыстық штабтың бақылауында», – деді Ерлан Жаңабаев.

Сондай-ақ, 10 мың шақырым әр түрлі кернеудегі электр желілері және 1837 дана қосалқы трансформатор жұмыс жасауда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!