Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан авиакеросин импортына неліктен тыйым салынғанын түсіндірді.

 «Қазақстандық әуежайлардың қажеттілігі үшін Ресей Федерациясынан авиакеросин импортының артық болуына байланысты 420-дан астам вагон–цистерна немесе 25 мың тонна Алматы қаласы маңындағы теміржолда және 100-ден астам вагон немесе 6 мың тонна Астана қаласы маңындағы теміржол бойында тұр», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік ауа температурасы 20-30 градустан жоғары болған жағдайда өрт қаупі барын ескертіп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!