— Бүгін командадағы әріптестеріммен бірге 206 сайлау учаскісіне барып, өз таңдауымды жасадым. Жалпы ел Президентін сайлау саяси науқандардың ең маңыздысы деп ойлаймын. Оған немқұрайлы қарауға болмайды, дауыс беруге бару — Қазақстанның әрбір тұрғынының азаматтық парызы. Президентті таңдау — болашақты таңдау деген сөз. Әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан бұл саяси науқанға немқұрайлы қарамай әрбір азамат қатысуы керек деп есептеймін.

Бекзат Құрманбекұлы,

“Қайсар” футбол клубының ойыншысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!