Фото: Видеодан алынған кадр

Куәгерлер әлеуметтік желілерде жылқының қала орталығындағы жол бойымен жүргені туралы бейне жариялады. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай облыстық полиция департаменті қызметкерлері жылқыны тоқтатып, иесін де анықтады.

«35 жастағы жылқы иесі ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды ведомстводан.

Аталған бұзушылық үшін ол үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!