Оқиға 17 шілдеде кешкі сағат жеті кезінде Ұлан ауданындағы «Аюды» демалыс базасында болған.

Дауыл кезінде Бұқтырма су қоймасында катер суға батып, 24 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 17 шілдеде кешкі сағат жеті кезінде Ұлан ауданындағы «Аюды» демалыс базасында болған.
Демалыс базасынан 3 шақырым жерде қатты жел салдарынан жолаушылар катері бата бастады. Оның бортында 24 адам болған.

Адамдарды құтқару үшін экипаж мүшелері құтқару плотын іске қосты.

Жолаушылар, оның ішінде тоғыз бала жағаға жеткізілді. Олардың жағдайы қанағаттаналарлық. Медициналық көмекті қажет етпейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!