Фото: BAQ.KZ архив
Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Otyrar.kz-тің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған.
Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.
Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.
Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!