Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді.

102 телефонына бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс салдарынан аурухана аралық 138 дәріхананың ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады», – деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, газ жиналып, жарылыс болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!