Сот төрағасының айтуынша, барлық істе де зорлық көрсеткендер өз құрбандарымен интернет арқылы танысқан.

Шымкентте 2022 жылы 20 педофилге қатысты үкім шығарылған. Олардың 4-і химиялық кастрация процедурасынан өткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абсаттар Шахидиновтың айтуынша, химиялық кастрация – қосымша шара.

«Әдетте химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды зорлық немесе зорлауға қатысты істерде тағайындалады. Қателеспесем, бізде 4 рет кастрация жасалды», – деді ол.

Сот төрағасының айтуынша, барлық істе де зорлық көрсеткендер өз құрбандарымен интернет арқылы танысқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!