Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.

Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтар айының 14-і күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер қыздарды Алматы қаласынан тапты.

«Жоғалған қыздарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәрбиеленушілер Алматы қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!