Өткен жылы өңірде 593 адам сотты болған. Бұл туралы Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы Балғабай Узайырұлы мәлімдеді.

Өткен жылы 494 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде қылмыс санаты бойынша – 419, теріс қылық бойынша – 75 іс қаралса, өткен жылдан 48 қылмыстық іс қарауда қалған. Соның ішінде жеке айыптау тәртібімен өндіріске қабылданып қозғалғаны – 14. Айта кету керек, қаралған қылмыс саны 2021 жылмен салыстырғанда 87 іске көбейген.
«Бәрімізге белгілі, елімізде өткен жылы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік орын алды. Қаңтар оқиғасына байланысты төтенше жағдай енгі­зілді. Жыл со­ңына дейін Қаң­тар оқиға­сына қатыс­ты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, 46 іс бойынша 180 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Есептік кезеңде сот өндірісінде 43 іс аяқталды. Яғни тергеу амалдары нәтижесіз емес.
Оқиғаға қатысты 163 адам сотталған. Соның ішінде 33 адамға бас бостандығын шектеу жазасы, 8 адамға бас бостандығынан айыру, 117 адамға шартты сынақ мерзімі (ҚК-нің 63-бабы) белгіленген», – деді сот төрағасы.

Аида ШОРАБЕК,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
журналистика факультетінің
4-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!