Қызылорда облыстық соты мен Соттар әкімшісінің 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Шараға облыстық сот төрағасы Шығамбаев Әділхади Жұмабайұлы, Соттар әкімшісінің басшысы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы, облыстық сот судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Маликова Шолпан Маратқызы және БАҚ өкілдері қатысты.

Модератор Ш.Маликова баспасөз конференциясын ашып, облыстық сот төрағасы Шығамбаев Әділхади Жұмабайұлына сөз берді.

Облыстық сот төрағасы 2022 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру көрсеткіштерімен бөлісті.  

Есепті кезеңде соттардың өндірісіне 1060 қылмыстық іс, 12686 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс, 18 457 талап қою, 516 азаматтық іс, 825 әкімшілік іс түскенін, медиация тәртібімен 111 қылмыстық іс, 1890 азаматтық іс, 94 әкімшілік іс медиациялық келісіммен аяқталса, татуласу келісімі негізінде 109 азаматтық, 2 әкімшілік іс, ал партисипативтік рәсім тәртібімен 22 азаматтық іс өндірістен қысқартылған. Татуласу шаралары 2021 жылмен салыстырғанда біршама артқанын атап өтті.

Сонымен қатар Әділхади Жұмабайұлы қазіргі таңда сот жүйесінің ашықтығы толығымен қамтамасыз етілгенін, облыстық соттың сайтына, әлеуметтік желілердегі парақшаларында сот жаңалықтарын көруге болатынын, азаматтардың оңтайлы қызмет көрсетіп, кері байланыс орнату үшін сall-орталық, әр соттарда whats`app мессенджері, телеграмм-бот, талап қою үлгілері жинақталған QR-код жұмыс жасап тұрғанын да тілге тиек етті.

Сөз кезегін алған Соттар әкімшісінің басшысы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы былтырғы төтенше жағдайлар режимінің салдарын жою бойынша ғимарат толығымынен жөнделіп, қазіргі таңда сот жұмысы қалыпты режимге көшкенін айтты.

Ғимаратты қалыпқа келтіру  жұмыстары он айға жуық жасалып, сот ғимаратаның іші-сырты, сот, мәжіліс залдары, дәліз, еден толығымен күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан жиһаздар алынып, есік-терезелер, шатыр,  электр желісі, жылу, кәріз жүйелері толығымен жаңартылды. Облыстық және қалалық соттың фронт-офистері қайта жасақталып, күту залы, анықтама бұрышы, жеке жұмыс жасау секторы, адвокаттар мен медиаторлар орны, кіріс кеңсесі, балалар ойын алаңқайы талапқа сай етіп жасалды. Бірінші қабаттарға LED-экрандар орналастырылды. Ол арқылы сотқа келуші азаматтар сот ақпараттарымен, талап арыз үлгілерімен, сот басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесімен таныса алады.  

БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Шара соңында баспасөз өкілдері жаңартылған сот ғимаратын аралап, сот залдарымен, фронт-офистердің жұмысымен, сот мұражайымен танысты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!