Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне ауылдың 3 тұрғынынан мал ұрлығы жөнінде арыз түсті. Барымташылар олардың жайылымда жүрген 8 бас сиырын ұрлаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 25 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ заттар ретінде ұрланған малдардың терісі және сирақтары алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның соммасы 3 млн. 500 мың теңгені құрады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі танда осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау мақсатында жедел – іздестіру іс – шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 – бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның қалған мән-жайлары анықталуда», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!