Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, жедел іздестіру шараларының арқасында жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген хабарламада.

Аталған қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!