22-25 қаңтар аралығында Көліктегі Полиция Департаментінің қызмет ету аймағы бойынша «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл бағытта Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен 23.01.2024 жылы Қызылорда станциясына келіп тоқтаған №75 «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар поездының №10 вагонынан ешқандай рұқсат қағазы жоқ, заңсыз тасымалданған 10 дана құтыдағы сусын заттары анықталып, жалпы салмағы 49 кг болатын заттар түсірілді.
Заңсыз жүк тасымалдауға жол берген аталған поезд жолсерігіне қатысты жинақталған іс-құжаттар Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.
Болат жолдың бойындағы жолаушылардың құқық бұзбауы одан әрі де қадағаланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!