4 маусымда Tele2 Қазақстанда 10 жылға толады. 3653 күн бұрын еліміздің астанасында Tele2 кеңсесі ашылды. Содан бері өткен 87 672 сағаттың әр мезетінде оператор өз абоненттеріне ең үздік дүниелерін: үздік баға кепілдігінен бастап 4G/LTE қамтудың ең кең желісіне дейін ұсынуға тырысты.
Компания өзінің ел нарығындағы 10-жылдық табыс жолын жылдың соңына дейін тойлауды жоспарлап отыр. Және 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең бойы абоненттерімізді көптеген сыйлықтар, викториналар, конкурстар күтіп тұр. Компанияның жоспарында ай сайын әртүрлі тосынсыйлар әзірлеу де қарастырылды. Ал мейрамымыз әр абонентке сыйлық Гигабайттар таратудан басталады. Және оны биылғы жылдың соңына дейін ай сайын алып отыруға болады. Олардың саны абоненттің оператор қызметін неше жылдан бері пайдаланып келгеніне байланысты болмақ. Жағымды бонусты алу үшін *1010# пәрменін теріп, сыйлық сетін қосып алсаңыз болғаны.
10 жылда Қазақстандағы Tele2 операторының көптеген жеңістері мен жетістіктері, мақтан тұтарлық жобалары болғаны анық. Дамыған бөлшек инфрақұрылым, оператордың LTE желісінің кең қамту аймағы, тиімді тарифтер 2019 жылы Tele2 желісіндегі интернет трафиктің жалпы көлемі 1 Эксабайт (1 млрд. гигабайттан астам) шегінен асып түсуіне әкелді. Карантиндік шаралар енгізілген 2020 жылы компания осындай сәтте байланыстың аса маңыздылығын және қоғам алдындағы өз жауапкершілігін ұғына отырып, бірқатар әлеуметтік бастама өткізді, оның жалпы құны миллиард теңгеден асып түсті.
Сергей Коньков, бас директор: «Оператордың 250+ жобасына белсенді қатысуы ерекше мақтанышымыз болып табылады, өткен жылы компания еліміздің 238 шалғай елді мекенін мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіп, ондағы тұрғындарға дүниежүзілік желінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік берді».
Сергей Коньков, бас директор: «Мен бәрімізді Tele2-нің Қазақстандағы алғашқы мерейтойымен құттықтағым келеді. 10 жыл ішінде абоненттеріміздің желідегі сөйлесулерінің жиынтық мөлшері 106 миллиард минуттан асты. Егер бұл санды минуттан жылға айналдырсақ, онда 200 мыңнан астам жыл құралады. Ал осы жылдары желідегі мобильді деректер көлеміне келетін болсақ, оның жалпы мөлшері 5 Эксабайттан асып түсті».
Tele2 жылдың соңына қарай сыйлықтар мен конкурстар топтамасынан бөлек орасан зор тосын сый әзірлеуде! Олардың ешбірін бос жіберіп алмау үшін – оператордың жағалықтарын 10jyl.tele2.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі Tele2 парақшаларында бақылап отырыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!