Желіде көпшілікті таңғалдырып, талқысына түскен оғаш ырымның видеосы тарады. Онда тілі шықпаған баланың мойынан нағашылары ішекпен қылқындырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео 4 миллионнан астам қаралым жинаған.

“Нағашылары ұлымның тілі шықсын деп ішекпен қылқындырды”,- деп жазды видео авторы. 

Таңданған жұртшылық “Бәрібір де біртүрлі жабайылығымыз бар”, “Өлтіріп қоймаңдаршы”, “Не деген ырым бұл”, “Көбірек сөйлесу керек” деп қарсылықтарын білдірсе, енді бірі “Бұл ырым ата-бабамыздан қалған”, “Нағашысы жарады, жиенінің тілі шықсын деп барын салуда” деп тамсанды.

Тілшіміз бүлдірiіннің әкесімен байланысты. Ол видеодағы өзінің ұлы екенін растады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!