Түркияда жойқын зілзаладан қаза болғандар саны 16546-ға жетті, тағы 66 132 адам жараланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Османие қаласына барған сапарында айтты.

Тікелей Османие провинциясында зілзаладан 326 ғимарат қираған, 877 азамат қаза тауып, 2 220 адам жарақат алған.

Президент Ердоған мемлекет апат аймағының тұрғындарын қолдау, зілзала салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

«Жүздеген мың азамат көмек жинау және апат салдарын жою процесіне қатысып жатыр. Түркияның барлық аймақтарынан 10 провинцияға командалар мен техника жіберілді», – деді ел президенті.

Сонымен бірге, Түркияның 10 провинциясында 90 күн мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілді. Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Түркияның барлық мектебінде 20 ақпанға дейін оқу тоқтатылды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!