Хатайдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше күн өтті. Құтқарушылар қираған үйдің үйіндісінің астынан сәбиді 72 сағаттан кейін тірі тапты. Бұл туралы Aikyn.kz TGRT Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Үйіндінің астынан баланы алып шыққан құтқарушының айтуынша, анасы бесіктегі баласын денесімен жауып аман алып қалған.

Аднан есімді балақай зілзала болған сәтте бесікте жатқан екен. Анасы үй жермен-жексен болып қирағанда бесікті кеудесімен қорғап қалған.

Бұған дейін Хатайда үйінді астынан тірі табылған қазақстандық қыз туралы жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!