“Алғашқы жұмыс орны” жоба аясында жыл соңына дейін 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылады деп күтілеуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Мәмбетовтің сөзінше, жастарды қолдау мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу кезеңі ұзартылып, еңбек ақылары да ұлғайтылған.

“Бұрын жастар практикасына жолданған жастардың еңбек ақысы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсе, қазір 30 айлық көрсеткішке дейін өсті, жұмыс мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін. Алғашқы жұмыс орны жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 1 жылдан 18 айға дейін, еңбекке төленетін ақы мөлшері 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейіп отыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың жаңалығы «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де қабылданады, – деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Ал, өткен жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 104 жас жұмысқа орналасқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!