Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен қалаларда құтқару-іздестіру жұмыстарын бірнеше елдің де мамандары жүргізіп жатыр. Тәжікстан елінен келген төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары 3 жастағы баланы жер сілкінісінен кейін бір апта уақыт өткенде тірі тапты.

158 сағат нәр сызбай үйіндінің астында қалған Явуз есімді бүлдіршінді аман алып шығу үшін тәжік құтқарушылары арнайы техниканың күшімен үйіндіні ашқан. Қахраманмараш қаласының Онықсубат ауданының кішкентай тұрғыны құдіреттің күшімен аман табылып, құтқарушылар қатерден құтқарған балақайды дәрігерлерге табыстады. Қираған үйлердің үйіндісінен адамдарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!