Еңбекке етене жақын ұжымның ісі – ұтқыр, шешімі – ұтымды болады. Өйткені, әр тоқсанның жұмысын талдап, елеп-екшеп отыратыны соған себеп. Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өтіп, үш айдың есебі талданды.
Жиын барысында мекеме бастығы орынбасарының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Махашев Айбол Тимурұлы қызметтік бағыттар бойынша атқарылған істерді жіпке тізгендей айтып, баяндама жасады. Өз кезегінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекжанов Мейрам Гарипулаұлы қызмет сапасын арттыру бойынша сөз қозғап, кемшіліктерді жоюға баса мән беру керектігін жеткізді.
Бөлім басшыларына қойылған сауалдар барысында жұмыста кездесетін өзекті мәселелер қозғалып, оларды оңтайлы шешудің нақты тетіктері талқыға түсті. Ашық пікір алмасу мен сындарлы ұсыныстар жиынның мазмұнын тереңдеткені анық. Сонымен қатар, мекемедегі тәртіптің тұрақтылығы, жеке құрамның кәсіби даярлығы және жазасын өтеушілердің жай-күйі де жіті назарға алынды.
Жиын соңында межелі міндет белгіленіп, әр қызметкердің еңбегіне деген талап та, сенім де күшейе түсті.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!