Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 31 жыл.

қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны – 19 715 182 адамға жеткен.

Тәуелсіздік күнінде тұтас ел бойынша салтанатты шаралар өтеді, әлеуметтік нысандар іске қосылады. Елордада мереке құрметіне қайырымдылық іс-шаралар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау акциялары өтеді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларына санаторий-курорттық ем беріп, біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген.

Ұлттық статистика бюросы Тәуелсіздік күніне орайластырып қойылған есімдер жайлы мәлімет жариялады. Оған сәйкес, азан шақырып қойған Тәуелсіздік атты бір адам болса, Егемен есімі 21 адамға қойылған. Сондай-ақ елімізде 14 065 Азат, 3 913 Еркін және 23 Бостандық бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!