Қостанай облысында олар облыс тұрғындарының өтінішінен кейін уақыт белдеуін қайта қарау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай қаласының тұрғындары мен облыстың кейбір қоғамдық ұйымдары жүгінген. Олардың пікірінше, қазіргі уақыт белдеуі табиғиға сәйкес келмейді. Облыс тұрғындарының айтуынша, бұл денсаулыққа, еңбек өнімділігіне және психологиялық жағдайға әсер етеді.

«Қостанай облысының тұрғындары уақытты республиканың батысындағыдай етіп өзгертуді сұрап отыр. Мысалы, Астанада қазір 17:00, ал батыста 16:00. Екі қала – Қостанай мен Қызылорда – бір сағат белдеуінде орналасқан. Бірнеше жыл бұрын Қызылорда да Астана уақытымен өмір сүрген, бірақ олар өзгертуді сұрап үкіметке жүгінді, жұмыс тобы құрылып, ауысу туралы шешім қабылданды. Қостанай облысы да дәл осындай өтінішпен жүгініп отыр», – деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Басқарма көптеген өтініштерді назарға алып, аталған мәселе бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысын қайта жалғастыруға уәде берді.

«Уақыт өзгерістерінің азаматтар қызметінің барлық саласына әсері туралы мәселе шешілетін болады. Өйткені, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы мәселе көтерілетін болады. Осыған байланысты ҚР Үкіметінен ұсыныс түсті. Ең бастысы, біз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын күтіп отырмыз. Уақыт белдеуі шынымен де денсаулыққа әсер ете ме, жоқ па жақында белгілі болады. Мүмкін уақыт ауыстыру туралы шешім қабылданатын шығар. Бірақ барлық министрліктердің пікірлерін ортаға қою қажет. Өйткені бұл ұшақтардың ұшуына, әуежайлардың қызметіне әсер етеді. Уақыт ауыстыру өте күрделі жқмыс, кесірі тимеу үшін жан-жақты зерттелетін болады», – деп қосты комитет.

Еске салайық, 2020 жылы Қостанай облысының тұрғындары аймақтағы сағат белдеуін өзгертуді сұраған болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!