Сананы сан саққа бөліп, адамды сарсаң кештіретін мазасыз күй күйгелектенуге себеп. Содан болар, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеушілердің жайына немкетті қарамауды мақсат еткен. “Майнд машинасы” арқылы өткізілген терапиялық сеанс соның дәлелі.
Иә, бұл – жүйке жүйесін босаңсытып, ішкі хәлді тұрақты ететін заманауи психокоррекциялық тәсіл. Терапия барысында жазасын өтеушілер жарық және дыбыс сигналы арқылы терең релаксация күйіне өтті.
– Әрине, психологиялық тұрақтылықты сақтау – маңызды мәселе. Осындай жағдайда релаксациялық және нейропсихологиялық әдістерді қолдану оң нәтиже береді. Яғни, эмоционалдық ширығуды азайтып, күйзеліс пен ішкі мазасыздықты төмендетуге көмектесетіні рас. Сеанс кезінде жазасын өтеушілер өз ойларын реттеп, ішкі күйзелістен арылуға тырысты. Мұндай терапия жағымсыз ойдан арылтып, болашаққа деген сенімді қалыптастыруға ықпал етеді, – дейді АКАӘПТЖББ-ның аға инспектор-психологы әділет майоры Айзат Мырзалы.
Сайып келгенде, семген сенімді нығайту – қайта әлеуметтенудің басты тетігі.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!