Жайылманың қарбызы пісті. Алғашқы өнімді нарыққа шығарған ауыл диқандары маңдай тер еңбегінің жемісін көре бастады. Егіс даласында аудан әкімі Руслан Рүстемұлы диқан қауымына батасын беріп, істеріне береке тіледі.

Нұрлыбек Мырзабеков биыл 2 гектарға қарбыз еккен. Оның бір гектары көшеттеп егіліп, енді сонысы мерзімінен бұрын пісіп отыр. Өнімін алушы да дайын. Қазір егістік алқабында қызу жұмыс жүруде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!