Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 109 бабына сәйкес сотталған адамның мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сай әрқайсысының ұзақтығы 15 минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің әкімшілігі сотталған азаматтың әлеуметтік байланыста болуын қолдау үшін мекеменің тұрмыстық аймағына жиырмаға жуық жаңа таксофон аппараттарын орнатып, сотталған азаматтарға пайдалануға берілді. Осы орайда, телефон арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының, не жақын туысының жеке қаражатынан төленетінін жеткізді, мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Ақбай Рамазан.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!