Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің қолданысы шарықтау шегіне жетіп тұр. Соның ішінде әлем бойынша Instagram, Facebook  және  Youtube желілерін басып озған  Tik-tok желісін еңбектеген сәбиден, еңкейген қарт кісілерге шейін қолданады. Біреулер үшін бұл қызығушылықтан туындаған қаралымдар болса, кей адамдар үшін бұл – табыс көзі. Яғни, желіде шет елдік әуендерге би-билеу арқылы немесе образдар арқылы яки фонограмма есебінде ән салу т.б. жасау арқылы трендке айналдырып, бір-бірін қайталайды.

Тренд деген не? Бұл бір бестселлер сынды дүние. Бейне бір шоқ жұлдыз секілді тез өтіп, таралып кетеді.  Мысалы, айдың басында осындай видео түсіру қажет болса, соңында басқа видео яғни әуен немесе би қимылдары трендке айналып, танымалдылық артып кетеді.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтып өткендей, түсірілетін видеолардан бөлек жастардың сана сезімін улайтын видеожазбалардың да қарасы көбейіп келеді. Неше түрлі ерсі қылықтарды қайталаймын деп, тренд үшін құрбан болғандардың саны артуда. Сонда біздің елдің жастары осындай насихатқа құмар ма?

Бұл желінің тарихына келер болсақ, 2016 жылы Byde dance компаниясы іске қосқан еді. Қазіргі таңда бұл желі әлемнің шамамен 150 елінде, миллионнан астам адамның қолданысында. Мұнымен қоса бұл әлеуметтік желі Қытай еліне тиесілі. Осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ елінің бұрынғы Президенті Дональт Трамп Tik-tok әлеуметтік желісінің Америка Құрама Штаттарында жабылатынын мәлімдеді. Американың белсенді tik-tok қолданушылары арасында осы жағдайды естіп, көзіне жас алып, қоштасып жатқандар болды. Бұған себеп Дональт Трамп АҚШ-та Қытай елінің жасаған сайттары мен мобильдік қосымшаларының таралуы ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясатқа және Америка Құрама Штаттарының экономикасына қауіп төндіреді деп есептейді. Дәл осы себептен Үндістан елі бұл қосымшадан бас тартты.

Саны мен танымалдылық артпаса кемімейтін бұл қосымшаны қолдану біреу үшін мақтаныш болса, енді біреу үшін намыс. Қандай жағдай болсада, өзге ұлттың менталитеті біздің қазақ жастарының бойына сіңіп кетпесе екен. Өз еліміздің әдет-ғұрпын шетке ысырмайық. Мүмкіндігінше зиян келтіретін яки бұрыс нәрсені насихаттайтын нәрселерден бойды аулақ ұстауға тырыссақ, өзге үшін де, өзіміз үшін де пайда болар еді. Сөз соңында жастарға айтарым, қоғамдағы қызықтыратын жеңіл нәрселерге әуестенгенше кітап оқиық!

Нұрай ЗАДАШОВА,

11 сынып оқушысы,

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті